Жұмысшылар құқығы қорғалады: Депутаттар заң жобасын мақұлдады
Жұмыспен қамту агенттіктері арқылы қызметке орналасқан азаматтардың құқығы заңмен қорғалады. Бүгін Мәжіліс қарыз еңбекті реттеу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Енді келісім шарт бойынша жұмыс істейтіндердің мүдделері, жалақысы, қауіпсіздігі заң бойынша қадағаланады.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:Мәселен, белгілі бір компания өзіне қызметкер іздейді. Жұмыспен қамту агенттігі немесе компания оларға жұмысшы ұсынады. Яғни, қарапайым қызметкер компаниямен тікелей емес ортадағы делдал арқылы келісімге отырады. Осы қарыз еңбегі деп аталады. Бұған дейін жұмысшылардың міндеттері мен мүмкіндіктері әлгі екеуара келісім арқылы ғана бекітілетін. Енді жаңа заң бойынша барлығы Конституцияда бекітіліп қояды. Келісім бойынша жұмыс істейтіндердің жалақысы компанияның штатындағы қызметі бірдей маманнан кем болмауы тиіс. Заң жобасында олардың еңбек қауіпсіздігі, жұмыс уақытындағы оқыс оқиғадан қаза болса немесе еңбекке жарамсыз болып қалса, сақтандырылуы да қарастырылған. Депутаттардың бастамасымен жасалған құжат бүгін Мәжілісітің бірінші оқылымында мақұлданды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03