Шымкентте су жүйелерінің дені пластикалық құбырлармен жаңартылды
Шымкент қаласындағы су жүйелерінің дені пластикалық құбырлармен жаңартылды. Соның нәтижесінде жүйедегі апаттар мен шығындар азайды. Ең бастысы, ауызсу сапасы анағұрлым жақсарды. «Су ресурстары маркетинг» серіктестігі кейінгі бес жылда инвестициялық жобаларға 11,5 миллиард теңге жұмсаған. Бұл қаржыға су жүйелерінен бөлек 30 шақырым кәріз құбыры ауыстырылды. Үш су сорғы станцияларына ұңғымалардағы процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Сонымен бірге 8 станцияға қуат үнемдейтін сорғылар орнатылған. Инвестициялық жобаларға бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын бүгін Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшылығы зерделеп шықты.
Анарбек Орман «Су ресурстары меркетинг» ЖШС-нің бас директоры:Соның есебінен 50 процент электр шығындарын қамтып жатырмыз. Ал біздің ойымыз жақын арадағы 5 жылдың ішінде 100 пайыз канализация қалдықтарынан шығатын биогаз бен энергияны қамтамасыз етеміз деген жоспар бар.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14