Құс тұмауынан 873,9 мың құс қырылды - АШМ
Құс тұмауы салдарынан жойылған құстардың құнын өтеу үшін бюджеттен қосымша қаражат керек. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында осылай деді.
Жалпы, еліміз бойынша құс тұмауынан 870 мыңнан астам құс қырылған. Қазір жағдай тұрақты. Дегенмен, ауру ошақтарын карантинге жабу тәртібін өзгерту керек.
«Қазір бір ауылды оқшаулау үшін кемінде 3 күн уақыт керек. Бұл уақытта індеттің таралып кету қаупі өте жоғары. Шектеу шаралары туралы шешімді 1 күннің ішінде қабылдау керек», - деді Сапархан Омаров.
Сондай-ақ ветеренариялық және фитосанитарлық қадағалау жүйесін құру үшін бюджеттен қосымша 3 миллиард теңге сұрады. Премьер-Министр жұмысты ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:Тиімді бақылауды ұйымдастыру үшін ветеренариялық және фитосанитарлық қадағалау ұлттық жүйесін дамыту қажет. Тиісті ақпараттық базаны жетілдіру және оның жаңарту процесстерін автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын 100 пайыз сәйкестендіруді қамтамасыз ету керек.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте балалардың жазғы демалысы мен инклюзивті білім беру мәселелері қаралды
31.07.2026, 20:40
«Болашақ ойындары-2026»: Баскетболдан турнир өтіп жатыр
31.07.2026, 20:30
Қазақстанның даму банкі ірі жобаларға қаржы құяды
31.07.2026, 20:23
Құрылтай сайлауына қатысатын саяси ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
31.07.2026, 20:13
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
31.07.2026, 20:11
Лудоманияға қарсы шектеулер оң нәтиже беріп жатыр
31.07.2026, 20:06
Банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа моделі енгізілді
31.07.2026, 20:05
Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакеті қабылданды
31.07.2026, 20:03