Қазақстандықтар үйде коронавирустан емделу үшін дәріні тегін ала алады
Коронавирустың екінші толқынына дайындық мақсатында елімізде дәрі-дәрмектің қоры құрылып жатыр. Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында осылай деді. Қазір 5,9 миллиард теңгеге дәрінің 37 түрі алынған.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:Бүгін Үкімет отырысында екінші толқынға әзірлік пысықталып, дәрі-дәрмек қорын жасақтау мәселесі талқыланды. Қазір барлық дәріхана, стационарлар мен емханалардың қоры есептеліп жатыр. Тағы 8,2 млрд теңгеге сұранысқа ие дәрінің 44 түрін алу жоспарланып отыр. Бұл шамамен ай сайын 60 мың пациентті стационарда емдеуге мүмкіндік береді.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:Денсаулық министрлігі «СК-Формациямен» бірлесіп, стационарларда әсіресе инфекциялық ауруханаларда дәрі-дәрмек болуына мониторинг жүргізсін. Дәрі тапшылығы болмауы тиіс.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:Бұдан былай коронавирус анықталған тұрғындар тіркеуде тұрған емханаларынан үйде емделу үшін дәрінің 5 түрін тегін ала алады. Бұл екінші толқын бола қалған жағдайда ауруханалардағы жүктемені азайтуға бағытталып отыр. Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше Жалпы елімізде коронавируске қарсы пайдаланылатын дәрі дәрмектің 48 пайызы өзімізде өндіріледі. Үкімет басшысы маска өндірісін де арттырып, тәулігіне 1,5 млн данасын шығаруды тапсырды. Барлық өңірде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін көлемі 13 миллиард теңгеден астам сақтандыру қорлары құрылды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте балалардың жазғы демалысы мен инклюзивті білім беру мәселелері қаралды
31.07.2026, 20:40
«Болашақ ойындары-2026»: Баскетболдан турнир өтіп жатыр
31.07.2026, 20:30
Қазақстанның даму банкі ірі жобаларға қаржы құяды
31.07.2026, 20:23
Құрылтай сайлауына қатысатын саяси ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
31.07.2026, 20:13
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
31.07.2026, 20:11
Лудоманияға қарсы шектеулер оң нәтиже беріп жатыр
31.07.2026, 20:06
Банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа моделі енгізілді
31.07.2026, 20:05
Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакеті қабылданды
31.07.2026, 20:03