Таразда нан бағасы 10 теңгеге қымбаттады
Қазір ас атасы дүкендерде 95 теңгеден сатылып жатыр. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, наубайхана қожайындары бағаны заңсыз көтеріп жіберген. Кәсіпкерлермен бұған дейін нан құнын өсірмеу туралы келісім болған көрінеді. Алайда қаладағы алты ірі наубайхананың бесеуі бір күнде бағаны көтерді. Кәсіп иелері әлеуметтік нан бағасының өсуін ұнның қымбаттауымен байланыстырады. Айтуларынша шикізат құны жылдағыдан 30 процентке көтеріліп кеткен. Ал әкімдік өкілдері бағаны өсірмес үшін қордан 3 ай бойы арзан ұн бөліп келген. Қазір қоймадағы ұн 20 күнге ғана жетеді.
Берік Нығмашев, облыс әкімінің орынбасары:-Нан бағасын қайтадан қалпына келтіреміз.Арнайы жұмыс тобы құрылды. Міндетті түрде шара қолданады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05