2023 жылға дейін цифрлық әлеуметтік әмиян пайда болады
Елімізде 2023 жылға дейін цифрлық әлеуметтік әмиян пайда болады. Ол кәдімгі банк картасы. Атаулы әлеуметтік көмек секілді мемлекеттік жәрдемақы алатын адамдарға беріледі.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлап отыр. Цифрлық әмиянның мақсаты - бюджеттен әлеуметтік бағытта бөлінген ақшаның қалай жұмсалып жатқанына бақылау жүргізу. Бір жағынан осы карта арқылы төлем жүргізіп, кейбір азық-түлікті 45 пайызға дейін жеңілдікпен алуға болады. Оның үстіне бұл әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына мониторинг жүргізіп, қымбатшылыққа жол бермеу үшін қажет.
Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болашақта зейнетақы мен жәрдемақыны осы цифрлық әмиянға аударуды жоспарлап отыр.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05