Алматыдағы көлік жөндеу орталығында жарылыс болды
Алматыда техникалық жөндеу орталықтарының бірінде жарылыс болды. Алдын ала болжамға сай, оқыс оқиға өртті сөндіру кезінде орын алған. Ішінде жанғыш сұйықтығы бар контейнерлер атылуы мүмкін. Жалынды ауыздықтау жедел түрде қолға алынған. Өрт сөндірушілер келгенде темір қаңқамен қапталған ангар жанып жатқан. Оқиға орнынан 25 литрлік 2 газ баллоны шығарылды.
Сондай-ақ нысан ішінде 9 автокөлік болған. Олардың барлығы жанып кетті. Сыртта тұрған 3 көлікке де зақым келді. Қызыл жалынның жалпы аумағы мың шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14