Елордада Назарбаев дамыту орталығы ашылды
ҚР Тұңғыш Президенті музейінің жанынан Назарбаев дамыту орталығы ашылды. Жасөспірімдер мен жастарға арналған орталықта 4 зертхана бар. Robo lab робототехниканы, Design lab бейнемонтаж, анимация, дизайн жасауды, Far lab инженерлік математиканы, VR Lab зертханасы ғылымды үйретеді. Үйірмелерге қатысу айына 9 мың теңге. Ал әлеуметтің осал тобына жататын адамдар үшін барлық сабақтар тегін. Сондай-ақ 7 жастан асқан балаларға арналған шахмат сыныбы бар. Орталықта коворкинг бөлмесі мен конференция залы да жұмыс істейді. Алдағы уақытта журналистика және ағылшын тілі курстары ашылмақ.
Әлкей Марғұланұлы, Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары:Мұның барлығы ғылым тілінде STEM деп аталады. Ғылым, технология, инженерия және математика. Елімізде қазір математика, физика бағытындағы мектептер көп. Ол жердегі алатын білімді практикалық бағытта жүзеге асыру кішкене ақсап тұрған еді. Біз сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында осы лабораторияны ашып отырмыз.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18