Демалыс орнында атыс ұйымдастырғандар ұсталып жатыр
Алматы облысының Байсерке ауылында атыс ұйымдастырған бірнеше адам ұсталды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше күдіктілердің оқиғаға қатысы болуы мүмкін. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қаскөйлер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Еске салайық, бетіне бетперде киіп, суық қаруланған 20 шақты адам демалыс орнына баса-көктеп кіріп, оқ жаудырған еді. Оқиғадан үш адам зардап шекті. Қазір олардың жағдайы жақсы. Демалыс орнының иесі медициналық көмектен бас тартса, қалған екі қызметкер емханада жатыр. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді.
Ернар Сайделдин, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:-Жедел іздестіру іс-шарасы барысында Алматы облысының полиция қызметкерлері негізгі күдіктілерді құрықтады. Олар Алматы қаласында, Алматы мен Қостанай облыстарында қолға түсті. Қалған мәлімет тергеу құпиялығына байланысты таратылмайды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03