Шекара қызметін басқару жүйесі оңтайландырылады
Шекара қызметін басқару жүйесі оңтайландырылады. Бұрын әскери приципке негізделген болса, енді әкімшілік-аумақтық жағдайды қарастырады. Сенат тиісті заң жобасын мақұлдады. Бұл мемлекеттік шекараны қорғау мен түзетудің тиімді жүйесін құру үшін қажет деді заң жобасына бастамашылық еткен депутаттар. Сондай-ақ, құжатта Шекара қызметінде жұмыс істейтін мамандарды даярлау бағытына назар аударылған. Шекарашыларды оқытатын академия ұлттық қауіпсіздік құрамына берілмек. Сенатор бұл түзетулер сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл жасау қажеттілігінен туындап отыр деді. Аталған заң инфрақұрылымды дамыту және арнайы техникаларды қолдану арқылы мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау жүйесін жетілдіруге жол ашады.
Нұржан Нұрсипатов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:-Шекара қызметіне ведомсво құқығы беріліп авиациялық қызмет бөлініп алынады. Бұл тек мемлекеттік шекараны қорғау мен күзетуде ғана емес Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да міндеттерді шешуде авиация қызметін жедел түрде үске қосу мүмкіндігін береді.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14