Микроқаржы ұйымдарының ресми тізімі шықты
Енді микроқаржы ұйымынан қарыз алмас бұрын оның заңды жұмыс істейтінін арнайы тізімнен тексере аласыз. Қаржы нарығын реттеу агенттігі ломбардтар, микроқаржы және онлайн-кредит ұйымдарының ресми тізімін жасап жатыр. Тіркеуден әзірге 1112 компания өткен. Бұл азаматтардың алаяққа алданып, қаражаттан қағылмауы үшін жасалып отыр. Осы арқылы тұрғындар тек заң бойынша жұмыс істейтін компаниямен байланысады. Айта кетейік, биылдан бастап ломбард пен кредиттік ұйымдардың қызметін агенттік реттейді. Қаржылық ұйым тіркеуден өтпесе, мәжбүрлі түрде таратылатынын еске саламыз.
Бақытжан Рысымбетов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің департамент директорының орынбасары:-Қазіргі таңда есептік тіркеуден және қайта тіркеуден өтпеген заң бойынша микроқаржылық қызметті жүргізуге құқығы жоқ ұйымдар бар. Сондықтан микроқаржы ұйымдары мен ломбардтарға жүгінбес бұрын оларды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтындағы тізімнен тексеріп алыңыз.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтауда баланың жақ сүйегін зақымдаған тіс емханасына қатысты іс қозғалды
29.07.2026, 10:37
Жалған құжатпен зейнетақы алғандар анықталды
29.07.2026, 10:36
Астанада қауіпсіздік белдігін тақпаған 20 мыңнан астам жүргізушіге айыппұл салынды
29.07.2026, 10:26
Бүгін «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
29.07.2026, 10:24
Вашингтонда Трамп-Зеленский келіссөздері аяқталды
29.07.2026, 10:23
Жапонияда жер сілкінісі кезінде 13 адам қаза тапты
29.07.2026, 10:21
Ыстық салдарынан денсаулығы нашарлағандар көбейді
29.07.2026, 10:21
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10