Депутаттар техникалық реттеу туралы заң жобасын мақұлдады
Қазақстанда импорттық тауарлардың сапасы артатын болды. Бүгін Мәжіліс техникалық реттеу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Оның аясында сырттан келетін өнімдерге талап күшейтілмек. Оның үстіне тауар Қазақстанға кірмес бұрын мемлекеттік бақылаудан өтеді.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Басты мәселе де осында болған. Кез келген өнім Қазақстан аумағына кіргеннен кейін тексерілген. Егер оның қауіптілігі немесе біздің стандарттарға сәйкес келмейтіні анықталса, жойылған немесе кері қайтарылған. Ұсынылған заң жобасы бойынша енді барлығы керісінше болады. Бұл қазақстандықтарды сапалы әрі қауіпсіз өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұсынылған құжаттың шикі тұстары да бар. Мәселен, Қазақстанға әкелуге болатын тауарлардың тізімі Еуразиялық экономикалық одақтың тізімімен сәйкес келмейді. Яғни, одақ аясында рұқсат етілген тауарды кәсіпкерлер Қазақстанға жеткізе алмай қиналуы мүмкін. «Осы ретте кәсіпкерлердің, мемлекеттің, одақтың және халықтың мүдделері толық қорғалуы керек», - деді Мәжіліс төрағасы. Олқылықтар келесі оқылымға дейін реттелетін болды. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03