Алматыдағы Көкқайнар ықшам ауданында құрылыс сапасы сын көтермейді
Алматыдағы Көкқайнар ықшам ауданы тұрғындарының былтыр ғана пайдалануға берілген баспана сапасына көңілдері толмайды. Көпқабатты тұрғын үйде көпбалалы отбасылар, мүгедектер мен жетімдер тұрады. Айтуларынша, мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің құрылысында ақау көп. Жаңбыр жауса төбеден су өтіп, жертөле суға толып кетеді. Қабырғалары қақырап, тесіктен жел соғып тұрады. Мердігер компания өкілдері келіп жасап кетсе де, бір ай болмай баяғы қалпына қайта түседі екен. Ал, әкімдіктегі жауапты мамандар олқылықтың орнын көп ұзамай қалпына келтіреміз деп отыр.
Дәнехан Мұқанова, қала тұрғыны:-Есіктері дұрыс салынбаған. Бір есікке бір есіктің қиюы келмейді. Кіреберіс есіктің аяқ жағы ашық қалады. Терезелердің бәрі дұрыс салынбаған. Боран үрлеп тұр.
Олжас Тәджібаев, Жайлы қалалық орта басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:-Мердігер мекемелерге тапсырма беріліп, осы қараша айының аяғына дейін жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деген уәде алынды. Ол жұмыстар кепілдік мерзіміне байланысты болады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03