Шымкентте өсімдік майының бағасы 10%-ке қымбаттады
Шымкентте өсімдік майы мен бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы қымбаттап кетті. Бұған дейін 2 жарым мың теңгеден сатылып келген 5 литрлік ыдыстағы май қазір 3 мың теңгеге саудаланып жатыр. Аймақтағы май шығаратын кәсіпорындар тауар бағасының өсуіне шикізаттың қымбаттауы себеп дейді. Әзірге шаһардағы әлеуметтік дүкендер ғана өсімдік майының бағасын белгіленген шектік мөлшерден, яғни 419 теңгеден асырмай отыр. Өйткені бұл сауда орындарына тауар тұрақтандыру қорынан жеткізіледі. Сондай-ақ шаһар базарларында қант, алма, картоп пен сәбіз бағасы да 10-15 теңгеге өскен.
Қайрат Базарбеков, Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:-Құзырлы мекемемен бұл бойынша зерделеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар тұрақтандыру қорында 300 мың литр өсімдік майы бар. Қазір соны тауардың инвентарын жүрігізіп, сауда нысандарына белгіленген бағада шығаратын боламыз.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05