Көлік қозғалысын реттеген шымкенттік полицей көптің алғысына бөленді
Көлік қозғалысын реттеп әлеуметтік желіге тарап кеткен шымкенттік полицей Алдаберген Мылтықбайдың іс-әрекеті көптің көңілін жылытты. Түнгі ауысымнан шығып, үйіне бара жатқан полиция қызметкері орталық көшелердің қиылысында көлік кептелісіне тап келген. Бақылау камерасына түсіп қалған мына бейнекөріністен оның еш ойланбастан қызметтік арнайы киімін киіп, дереу көлік қозғалысын реттеуге кіріскені көрініп тұр. Ауа райының қолайсыздығына, жауын жауып тұрғанына қарамастан, кезекшіліктегі әріптесі келгенге дейін тапжылмай қызмет көрсеткен. Аға лейтенант шеніндегі Алдаберген Мылтықбай Ішкі істер органында 8 жылдан бері қызмет атқарып келеді.
Алдаберген Мылтықбай, Шымкент қаласы Полиция департаменті патрульдік полиция полкының қызметкері:Бұл өзіміздің таңдап келген мамандығымыз болғандықтан, көше қозғалысын реттеу, халықтың тыныштығын қадағалау үшін қандай қызметкер болса да осы істі атқаратын еді деп ойлаймын.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14