Қостанай және Рудный қалалары карантинге жабылды
Қостанай және Рудный қалалары бүгіннен бастап карантинге жабылды. Аймақтағы эпидахуалдың ушығуына байланысты шектеулер күшейді.
Дәуренбек Әбдібек, тілші:Әзірге бұл шектеулер бір аптаға белгіленіп отыр. Оның қайта жеңілдетілуі немесе әрі қарай созылуы өңірдегі эпидахуалға байланысты болмақ.
Жаңа қаулыға сәйкес облыс аумағында жабық спорттық-сауықтыру нысандарының жұмысына тыйым салынды. Бассейндерді де пайдалануға болмайды. Демалыс орындары мен шипажайлар да уақытша жабылды. Қоғамдық тамақтану орындарында бір столдың басында төрт адамнан артық отыруға рұқсат жоқ. Осы талаптардың сақталуын мониторнгтік топтар жіті қадағалайды.
Владимир Нечитайло, Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері:1 қарашадан бүгінге дейін 927 рет рейд жүргізіліп, 5 мыңға жуық нысан тексерілді. 759 карантин талабын бұзу оқиғасы тіркеліп, 18 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Әсіресе, жасырынып отбасылық мерекелер ұйымдастырушылар көп. Мен тұрғындарды өзінің және жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырамын.
Дәуренбек Әбдібек, тілші:Ал жол бойындағы асханалар мен дәмханалар тағамды тек жеткізіп беруіне болады. Елді мекендер арасында автобус және такси арқылы жолаушылар тасымалдау тоқтайды. Тек жүк тасымалы, арнайы қызмет көліктері қозғалысына ғана рұқсат беріледі.Айта кетейік, өңірде соңғы тәулікте тағы 57 адамнан COVID-19 анықталған. Оның басым бөлігі Қостанай және Рудный қалаларында тіркеліп отыр.
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат жаңа форматта өтті
30.07.2026, 10:18
Каспий теңізінің ластануы туралы фильм көрсетілді
30.07.2026, 10:10
Президент семсерлесуден Әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады
30.07.2026, 10:05
«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі басталды
30.07.2026, 10:01
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10