Павлодар облысында полицейлер күдіктіден коронавирус жұқтырып алды
Павлодар облысы Аққулы ауданы полиция бөліміндегі уақытша ұстау изоляторының қызметкерлері коронавирус жұқтырып, үйлерінде оқшауланды. Оларға мал ұрлады деген күдікпен ұсталған Шығысқазақстандық тұрғын вирус жұқтырған. Тар қапасқа қамалғанға дейін ер адам өзінің сырқатқа шалдыққанын білмеген сыңайлы. Яғни, COVID белгісі байқалмаған. Жалпы, қараша айы басталғалы ауданда 21 адам індетке шалдықты. Тәртіп сақшылары жаппай ауырғандықтан карантиндік шектеулер күшейтілді.
Төлеу Сләмбеков, Аққулы ауданының санитарлық дәрігері:Аққулы ауданы аумағында карантиндік шектеулер күшейтілді. Орталықты айналдыра блокбекеттер қойылды. «Айналайын» және «Болашақ» балабақшаларының жұмысы тоқтатылды. Мектептегі кезекші сыныптар жабылып, оқушылар түгелдей қашықтықтан оқытылып жатыр. Аудан тұрғындарынан карантиндік талаптарды сақтау қатаң талап етіледі.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15