Ипотекаға өтініш қабылдау басталды
Құрылысы аяқталмаған үйден пәтерді ипотекаға рәсімдеуге өтініш қабылдау басталды. Бір ай бұрын Ұлттық банк «Баспана хит» бағдарламасына өзгеріс енгізіп, тұрғындарға осындай мүмкіндік берген еді.
Ал оған дейін жұрт жаңа немесе бұрын қолданыста болған баспаналарды ғана несиеге рәсімдей алатын. Енді ипотекамен үлестік құрылысқа қатысуға рұқсат берілген соң, пәтерді әлдеқайда төмен бағамен алуға болады. Бірақ құрылыстың аяқталғанын күтуге тура келеді. Ал өтінішті әзірге екі коммерциялық банк қабылдап жатыр.
Айбар Олжай, «Қазақстанның орнықтылық қоры» сыртқы байланыстар қызметінің бас менеджері:-Біздің жоспарларымыз бойынша алдағы үш күннің ішінде осы үлестік құрылыс аясында салынып жатқан үйге несие алған алғашқы клиент пайда болуы керек.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05