Қостанайлық полицейлер тұтынушыларды алдап, таразыдан жеген саудагерлерді таба алмады
Қостанайдың орталық базарында тұтынушыларды таразыдан жегендерді полиция ақыры таба алмады. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада таразы табағына жіп байлап, сол арқылы тауар салмағын көбейтуге болатыны жайлы бейнежазба әлеуметтік желіде тараған еді. Іле жергілікті полиция мен қала әкімдігі бірігіп орталық базарға тексеру жүргізді. Алайда бейнежазбада көрсетілген механикалық таразылардың орнына қазір электронды таразылар қойылған. Бейнебақылау камерасы арқылы да нақты қай саудагердің мұндай әрекетке барғанын анықтау мүмкін болмады. Сондықтан полиция саудагерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескертумен шектелді.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14