Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде 11 орында тұр
Биыл 10 айда Қазақстандағы шикі мұнай өндірісі 61 млн тонна болды. Уағдаластықтарға сәйкес, шикі мұнай өндірісі бір жылда 6% азайған.
Energyprom.kz хабарлағандай, 2020 жылғы мұнай қоры бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 30 млрд баррель көлемімен 11 орын иеленді. Рейтингте 302,8 млрд баррельмен Венесуэла көш бастап тұр. Көп мұнай өндірген үш ел арасында Сауд Арабиясы мен Канада бар.
Ақшалай алғанда шикі мұнай өндірісінің көлемі 6,5 трлн теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, ОПЕК+ елдерінің уағдалыстығы бойынша, мамыр айынан бастап мұнай өндірісін үш ай ішінде тәулігіне 9,7 миллион баррельге дейін төмендету көзделген.
«Елімізде мұнай өндіретін ең негізгі екі аймақ- Атырау мен Маңғыстау. Өндірістің 64,3% Атыраудың, 22,8% Маңғыстаудың еншісінде. Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан 18,7 млрд АҚШ долларына тең 55 млн тонна мұнай экспорттады», - деп жазған дереккөз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05