Инфляция деңгейі 7,1%-ға жетті
Елімізде инфляция деңгейі 7,1 пайызға жетті. Бұл түрлі тауар бағаларының өсуіне әсер етіп жатыр. Мәселен он айда азық-түлік шамамен 10,2 процентке, ал ақылы қызметтердің құны 4,1 пайызға дейін өскен. Азық-түлік ішінде әсіресе ет, жұмыртқа, сүт өнімдері мен жеміс-жидек, және қант қымбаттады.
Ал өсімдік майының бағасы тіптен 24 пайызға шарықтаған. Статистика бюросының мәліметінше ең қымбат май Алматыда литрі 600 теңге. Арзаны Семейде 495 теңге. Сарапшылар баға тағы қымбаттайды деп болжап отыр.
Константин Невзоров, «Май тоң-май одағы» қауымдастығының президенті:-Семішке тапшылығынан әлем бойынша сұйық май өндірісінің көлемі 2,5 млн тоннаға азайды. Сондықтан баға әлі өседі деп ойлаймын. Өндірушілер де соны айтып отыр.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05