Елордада Жаңа жыл кештерін өткізуге тыйым салынды
Елордада корпоративтік кештерді өткізуге тыйым салынды. Бүгін ел алдында есеп берген қала басшысы Алтай Көлгінов көпшілікті санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.
Раушан Сайлауқызы, тілші:Елорда әкімі қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірнеше ескертуін айтты. Оның алғашқысы - санитарлық талаптарға бағынып, жиын той кештерді өткізбеу. Себебі мұны ескермеген жағдайда мерекені аурухана төсегінде тойлауға тура келетінін ұмытпаған жөн дейді, қала басшысы. Сондай-ақ мереке жақындағанда елордадағы супермаркеттер мен гипермаркеттер күні-түні жұмыс істеуі мүмкін. Себебі мереке қарсаңында сұраныс көп. Кезек шоғырланбас үшін олардың режим өзгереді. Егер шаһардағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты болса, локдаун енгізілмейді. Қала жабылмайды, тек қосымша шектеулер қарастырылуы мүмкін.
Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:Корпоратив өткізбеңіздер. Мен барлық ұйымды осыған шақырамын. Себебі, санитар дәрігерлер бұған рұқсат берген жоқ. Әрине, мейрамханалар бір екі айыппұлдан қиналмауы мүмкін. Бірақ жақындарыңызды, үйдегі үлкендерді ойлаңыздар. Көрші елдердегі жағдайды көріп отырсыздар. Сондықтан үйде отбасыңмен өткізген жөн.
Раушан Сайлауқызы, тілші:Қазір шаһарда ПТР тестілеу өткізетін 17 зертхана бар. Күніне 11 мың адамның анализін небәрі 4 сағатта анықтай алады. Дәрінің екі айлық қоры бар. Сондай-ақ әкім биыл жоспарлы қоғамдық шараларды қысқартудың нәтижесінде 43 млрд теңгенің үнемделгенін айтты. Ол қаражат ковидпен күреске, білім саласына, бағытталып отыр. Ал мереке қарсаңында мұз қалашық салынады. Себебі халықтың сұранысы бар. Оның үстіне таза ауада тыныстаудың маңызы зор. «Сондықтан тұрғындардың көңілін көтерететін мұндай шараларға шектеу жоқ», - дейді қала басшысы.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18