Басты Жаңалықтар 10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды

10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды

10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды. Мәселен, бір ғана Қызылорда және Түркістан облыстарынан алты жоба бар. Ал Ақмола облысынан Преображенский гидроторабы мен Сілеті су қоймасы, Абай облысында Қусақ өзеніндегі бөгет және Алматы облысындағы Сүмбе өзеніндегі су алу құрылысын реконструкциялау жобалары да тізімге енген. Су ресурстары министрлігінің дерегінше, қазір бірнешеуінде құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Ал кей жобалар бойынша конкурс рәсімдері жарияланды. Қалған екі жобаға түзету енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу