Басты Жаңалықтар «Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды

«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды

Қызылордада оқушылар су үнемдеу дағдыларын мектеп қабырғасында қалыптастырып жатыр. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында балалар түрлі жоба әзірлеп, Су ресурстары және ирригация министрлігі үздіктерді анықтады.

Жалпы, «Су және білім» республикалық жобасына өңірден 60-тан аса мектеп қатысты. Байыпты бастамаға оқушылар белсенді қатысып, 300-ден аса ұсыныс түскен. Балалар мектеп қабырғасында су үнемдеу технологияларын кеңінен зерттеп, тәжірибелерімен бөлісті. Форумда Су ресурстары вице-министрі Аслан Абдраимов оқушылардың жұмысын жоғары бағалап, үздік жоба авторларын марапаттап, қаржылай сертификаттар табыстады. 

Дидар Шуақбаев, №2 Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп оқушысы:

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында мектебімізде экозертхана ашылған болатын. Біздің мектебімізде Сыр өңірінде тропикалық өсімдік - папая жемісі өскен болатын. Қазіргі таңда оқушылар оны өсірумен белсенді түрде айналысуда. Мәселен, 1,5 айлық және 10 айлық папая жемістері бар.

Бөлісу