Қазақстан мұнай өндіру көлемін арттырады
ОПЕК + мұнай өндіруге қатысты қазіргі келісімді наурыз айына дейін ұзартады. Екі күнге жалғасқан отырыста тараптар осындай келісімге келді. Желтоқсанда олар биыл шикізат өндірісін 500 мың баррельге дейін арттыруға келіскен. Алайда вирус қайта өршіген уақытта Сауд Арабиясы ақпанда өндірісті азайтуды ұсынды. Бірақ Қазақстан мен Ресей шикізат өндірісін біртіндеп арттырады. Екі ел үшін бұл жолы жеке шарт жасалды. Ал Сауд Арабиясы керісінше мұнай өндіруді 1 млн баррельге қысқартады. Сонымен ақпан айында нарықта тәулігіне 1,4 млн баррельден аса мұнай азаяды. Бұл уақытта Brent бағасы 5 пайызға қымбаттап, баррелі 53,91 доллардан асты. WTI құны 4 пайызға өсіп, 49 доллардан асты.
Әсет Мағауов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:-Қазақстан мен Ресей елдеріне мұнай өңдеу көлемін өсіруге шешім қабылданды. Қазақстан үшін ол 10 мың баррель тәулігіне. Ресей үшін 65 мың баррель тәулігіне. Мұнай өндіру көлемін салыстырғанда ол қабылданған шешім пропорция ретінде қабылданды.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13