Павлодарда құбыр жарылып, тұрғын үйлер жылусыз қалды
Павлодар қаласының бірнеше аумағында құбырлар жарылып, көптеген үйлер мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалды. Апат таңғы сағат 7-лер шамасында болған. Салдарынан 9 көпқабатты үй мен 5 ғимарат жылудан ажыратылды. Бірнеше жеке меншік үйлерге де жылу беру тоқтатылды. Апаттық қызмет көрсету мекемесі жарылған құбырды тауып, жылусыз қалған кейбір үйлерді басқа желіге қосты. Ақау шыққан жер жөнделіп жатыр. Әліде көпқабатты 5 үйде және бірнеше жекеменшік үйде жылу жоқ.
Татьяна Перевалова, қала тұрғыны:-Кеше түнде үйдің суып кеткендігінен ояндық. Сағат 1 шамасында тонып қалған бала қатты жылады. Ыстық суды да тоқтатып тастаған екен. Содан түнгі сағат 3-те жөндеу бригадасы келіп біраз уақыт жылу берді. Таңғы сағат 9-да қайта өшірді. Міне түс ауып кетті үйіміз суық. Техника келіп енді қазып жатыр.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00