Орталық сайлау комиссиясына 104 өтініш келіп түскен
Орталық сайлау комиссиясының отырысында Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі науқанға әзірлік барысында келіп түскен өтініштерді қарау барысы талқыланды. Барлығы 104 өтініш түскен. Оның 46-сы жеке, 36-сы заңды тұлғалардан, 22-сі бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі. Көп бөлігі сайлау заңнамасын түсіндіру бойынша екені анықталып, 81-іне толық жауап берілген. Ал өзгелері құзыретті органдарға жауап алу мақсатында жолданды. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы әкімдіктерге сайлауды материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларады нақтылап, карантин талаптарын барынша сақтау қажеттігін ескертті.
Ерлан Дауылбаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
104 өтініштің 81-іне ОСК аппараты өтініш берушілерге белгіленген мерзімдерде толық жауаптар берді. 12 өтініш Ортсайлауком құзыретіне кірмейтін тақырып ретінде заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға қайта жіберілді. 6 өтініш заңнамаға сәйкес қараусыз қалдырылды.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Желтоқсан оқиғасының шындығын жеткізген шығармалар
21.12.2025, 20:35
Елдегі демографиялық ахуал қандай?
21.12.2025, 20:20
Жаңа заң: Келесі жылы банктерге қандай талап қойылады?
21.12.2025, 20:17
Қазақстан-Жапония: Былтыр тауар айналымы 2 млрд доллардан асты
21.12.2025, 20:10
Асанәлі Әшімов – қазақ киносының аңызы
21.12.2025, 20:05
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50