Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды
Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде аяз көтеріліп, тұрғындардың жолға шығуына шектеу қойылды. Қарағанды облысының Абай, Бұқар-Жырау және Осакаров аудандарында қар құрсауында қалған онға жуық автокөлік шығарылды. 9 жолаушы жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Сондайық, Бұқар Жырау ауданының Баймырза ауылында сырқаттанып қалған нәрестені мамандар Теміртау қаласына жеткізді.
Ербол Байғазиев, облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы:-Шектеулерге қарамай жолға шығып кеткендер сол қар құрсауында қалып, сосын төтенше жағдайлар қызметінің көмегімен ғана эвакуацияланды. Ол азаматтардың арасында үсік шалып, немесе медициналық көмек көрсеткен жағдай болған жоқ. Теміртау қаласының ауруханасына жеткізілген баланың жағдайы бірқалыпты. Уақытында жеткізілді.
Ал, Ақмола және Қостанай облыстарында сынап бағанасы 25-30 градусқа дейін төмендеп, облыс орталықтары мен бірнеше ауданда мектеп оқушыларына сабақ болмады.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14