Павлодарда жол апатынан зардап шеккен медицина қызметкерлері ауруханаға түсті
Павлодарда жол көлік апаты салдарынан дәрігер, медбике және жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ауруханаға түсті. Олар сырқат адамды облыстық ауруханаға апара жатқан. Жол талғамайтын «Nissan Patrol» көлігі мен арнайы жабдықталған медициналық машина тапа-тал түсте екі көшенің қиылысында соғылған. Абырой болғанда зембілге жатқызылып, қорғаныс құралдарымен қымталған сырқат жарақаттан аман қалды.
Жанна Белялова, полиция департаментінің баспасөз хатшысы:-Сырқат адамды әкеле жатқандықтан көліктің дыбыс беру және жарық шашатын құралы қосылып тұрған. Осылайша олар бағдаршамның тиым салынған белгісіне өте береді. Дәл сол кезде жасыл жарықты бетке алып келіп қалған «Nissan Patrol» көлігі бүйірден соғады. Қазір полиция тексеру жүргізіп жатыр.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15