Петропавлдағы Ұлттық ұлан әскери институтының курсанты пышақ жарақатынан көз жұмды
Петропавлдағы Ұлттық ұлан әскери институтындағы ерегіс соңы өліммен аяқталды. 7 қыркүйек күні әскери білім ошағында екі курсант сөзге келіп, біреуі екіншісіне пышақ сұғып алған. Салдарынан 3 курста оқитын жігіт көз жұмды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Әскери институт бастығы Серік Әбселемовтың айтуынша, екі курсант та тек жақсы қырларынан танылған. Екеуі де «командалық тактикалық тәрбие жұмысы» мамандығы бойынша оқыған. Марқұм болған Ғалымжан Тұрсын ОҚО, Сарыағаш ауданынан оқуға келген, жасы небәрі 19-да екен. Ұлттық Ұлан сапына 2015 жылы қабылданған. Ал, күдіктінің аты-жөні тексеру жұмыстарына байланысты жарияланбай отыр. Қазір әскери оқу орнында күшейтілген тәртіп жарияланған.
Самат САПАРАЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір апта ішінде картоп, қырыққабат және алма арзандады
14.08.2026, 11:39
Сайлау-2026: Сарапшылар бағдарламалар мен партиялар арасындағы бәсекелестіктің ерекшеліктерін талқылады
14.08.2026, 10:18
Брюссель алаңына гүлден кілем төселді
14.08.2026, 10:06
Рыбакина Швентекке есе жіберді
14.08.2026, 10:05
Жошы ұлысын зерттеудің жол картасы жасалады
14.08.2026, 10:04
Астанадағы екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебесі беріледі
14.08.2026, 10:02
Солтүстікке 3 мың адам қоныс аударды
14.08.2026, 09:59
Агроэкспорт көлемі рекордтық көрсеткішке жетті
14.08.2026, 09:57