Алматыда көпқабатты үй отқа оранды
Алматыда көпқабатты «Аия» кешені отқа оранды. Райымбек даңғылы мен Гайдар көшелерінің қиылысындағы ғимаратта қонақ үй, дәмхана және оннан аса жалға берілетін пәтер орналасқан. Тілсіз жаудың салдарынан нысанның шатыры түгел жанып, үшінші қабаты ортасына түсті. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, лаулаған от күш алған кезде екі-үш рет жойқын дауыс шыққан. Бұл газ балонның жарылған дыбысы болуы мүмкін. Ал, осы ғимаратқа жапсарлас орналасқан үйлерді қосқанда 480 шаршы метр аумақты от шарпыған. Оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінен 80 адам, 23 техника жұмылдырылды. Зардап шеккен тұрғындар нысаннан бұған дейін де өрт шыққанын, дегенмен, алдын алу шарасы қарастырылмағанын айтты.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір апта ішінде картоп, қырыққабат және алма арзандады
14.08.2026, 11:39
Сайлау-2026: Сарапшылар бағдарламалар мен партиялар арасындағы бәсекелестіктің ерекшеліктерін талқылады
14.08.2026, 10:18
Брюссель алаңына гүлден кілем төселді
14.08.2026, 10:06
Рыбакина Швентекке есе жіберді
14.08.2026, 10:05
Жошы ұлысын зерттеудің жол картасы жасалады
14.08.2026, 10:04
Астанадағы екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебесі беріледі
14.08.2026, 10:02
Солтүстікке 3 мың адам қоныс аударды
14.08.2026, 09:59
Агроэкспорт көлемі рекордтық көрсеткішке жетті
14.08.2026, 09:57