Алматыға «Спутник V» вакцинасының алғашқы легі жеткізілді
Алматыға «Спутник V» вакцинасының алғашқы легі жеткізілді. Жалпы көлемі 2 мыңнан аса доза қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасында хаттамада көрсетілген тасымалдау ережесін ескере отырып, -18 грудсқа төзетін мұз пакеттері бар контейнерлерде сақталады. Одан әрі шаһардың ауруханаларына бөлінеді. Осы мақсатта екпені сақтайтын арнайы бөлмелер қарастырылған. Онда иммундау курстарынан өткен медицина мамандары қызмет көрсетеді. Екпе алғашқы болып инфекциялық ауруханалардың, жедел жәрдемнің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің және жан сақтау бөлімінің қызметкерлерінің арасынан еріктілерге салынады.
Салтанат Ақышева, «СK-Фармация» компаниясының өкілі:Бұл вакцина 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Қарағандыдағы фармацевтикалық кешенде шығарыла басталды. Бірақ бізге алғашқы партиясы Ресейден жеткізілді. Бұдан кейін Қазақстанның түкпір-түкпіріне Денсаулық сақтау министрі бекіткен мөлшер бойынша Қарағандыдан тасымалданып отырады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент, Димаш, ЖИ: 2025 жылдың қорытындысы
22.12.2025, 14:59
2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке куәлік тегін беріледі
22.12.2025, 13:17
Талды ауылының жолы күрделі жөндеуді қажет етеді
22.12.2025, 13:16
Балқаштағы медициналық мекемелерді жаңғыртуға 7,5 миллиард теңге бөлінді
22.12.2025, 13:15
Өскеменде көктайғақтан мыңнан аса адам зардап шекті
22.12.2025, 13:14
Алматыда студент мұғалімге пышақ кезенген
22.12.2025, 13:13
Ресейде аутизм саны 140 пайызға өсті
22.12.2025, 13:11
Газада гуманитарлық жағдай нашарлады
22.12.2025, 13:10