Қызылордада 181 рет ереже бұзған жүргізушіге 3,5 миллион теңге айыппұл салынды
Қызылордада темір тұлпарымен жүйткіп жүретін жүргізушіге 3,5 миллион теңге айыппұл салынды. Ол қала көшелеріндегі жылдамдық өлшейтін құрылғыға осы кезге дейін 181 мәрте түсіп, жол ережесін өрескел бұзып келген. Жол полициясының инспекторлары ресейлік нөмір таққан «Жигули» маркалы автокөлігін рейд барысында кездейсоқ тоқтатып, құжатын тексерген. Бірақ, сырттан келген көліктің бірде-бір құжаты болмай шықты. Орталық жүйеден тексеру кезінде осы кезге дейінгі барлық жол ережесін бұзу деректері әшкереленді. Көліктің міндетті сақтандыру полисі болмағандықтан айыппұл өндіру де мүмкін болмай келген. Қазір автокөлік айып тұрағына қойылды. Енді иесі 3,5 миллион теңге айыппұл төлеуі тиіс.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15