Алматы облысында 8 адам қар құрсауынан құтқарылды
Алматы облысында қар құрсауында қалған 8 жолаушы құтқарылды. Олардың бесеуі - Беларусь елінің азаматтары. Достық станциясына бағыт алған жүк көліктері Достық-Мақаншы тас жолының 55-ші шақырымында Жалаңашкөл көлінің маңында қарға батқан. Жүргізушілер басында жол тазалаушыларды бір тәулік күтіп отырып қалған. Ауа райы бұзылып жағдай ушыға бастағанда төтенше жағдайлар қызметкерлеріне хабарласып, көмек сұраған. Құтқарушылар 12 сағатта әрең жетіп, жолды тазалап беріп, азаматтар діттеген жерге аман-есен жеткізілді.
Алдағы күндері еліміздің батысы мен солтүстігінде күн күрт суытады. Синоптиктердің болжамы бойынша, қар жауып, бұрқасын болады деп күтілуде. Ал кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып жел күшейеді.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14