«OLIMP KZ» букмекерлік ұйымынан 3,6 млрд теңге тәркіленді
Алматыда «OLIMP KZ» букмекерлік ұйымынан 3,6 млрд теңгемен қатар, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік тәркіленді. Қылмыстық топтың бұл мүліктерді заңсыз жолмен иеленгені сотта белгілі болды.
Бұған дейін Алмалы аудандық соты халықаралық іздеу жарияланған «OLIMP KZ» букмекерлік кеңсесінің басшыларына қатысты іс қозғаған. Оларға салық төлеуден жалтару, заңсыз ойын бизнесімен айналысу, заңсыз ақша табу фактілері бойынша айып тағылды. Тергеу нәтижесінде компанияның лицензияланбаған ойындарды интернет арқылы пайдаланғаны, түскен қаражатты Қазақстан аумағынан шетелге заңсыз шығарумен айналысқаны анықталған.
Ізбасар Масақбаев, Алматы қаласы прокуратурасының бөлім басшысы:«OLIMP KZ» букмекерлік кеңсесі басшыларының дәлелденген қылмыстары бойынша үкім шыққанша, мүліктерін тәркілеу жұмыстары жүргізілді. Қазір 12 қызметкердің ісін сот қарау үстінде. Олардың 10-ына Халықаралық іздеу жарияланған.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01