Павлодарда анод шығаратын зауыт жұмысын тоқтатуы мүмкін
Павлодардағы алюминий өндірісіне қажет анод шығаратын зауыт жұмысын тоқтатпақ. Себебі, экспортқа арналған өнімге тапсырыс жоқ. Негізгі тұтынушы Қытай елі шекарасын жауып тастаған. Ол жақтағы темір жолда былтыр жіберілген 250 вагон әлі қаңтарылып тұр. Мәселе үкіметтік деңгейде шешілмесе, зауыттың 400 жұмыскері қысқаруы мүмкін.
Дамир Масақбаев, кәсіпорынның коммерциялық директоры:Біздің қоймаларымыз толып тұр. Өнімді өткізу өз алдына, сақтайтын жер жоқ. Тіпті, зауытты тоқтататын жағдай туындады. Дәл қазір жұмысшыларды ақысыз демалысқа жіберу немесе қысқарту мәселесі қарастырылып жатыр.
Шекарада қазір түрлі тауар тиеген 8 мыңға жуық вагон тұр. Былтыр жіберілген тауар сапасын жоғалтуы әбден мүмкін. Қытай тарапы өнімді алудан бас тартса, жағдай тіптен қиындайды-дейді кәсіпорын басшылығы. Зауыт жылына 170 мың тонна қыздырылған кокс шығарады. Оның 30 пайыздан астамы Қытайға экспортталады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53