Ақсуда бұзылған автобус жеңіл көлікті соғып, оны бірнеше метрге сүйреп әкетті
Павлодардың іргесіндегі Ақсу қаласында автобустан ақау шығып, жолындағыны жапырып өтті.
Жүргізуші артымен кеткен көлікті тоқтатуға біраз әркет жасағанымен, ештеңе шықпады. Тежегішті басып, қозғалтқышты от алдыратын кілтті жапса да автобус бой бермей, жеңіл машинаны соғып, оны ондаған метрге сүйреп әкетті. Ақыры оппы қарға батып тоқтады. Ақау шыққан автобус қала ішінде жолаушы тасымалымен айналысқан. Салонда үш адам болған ешкім зардап шекпеді.
Жасқайрат Қайыров, Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:Hyundai маркалы автобустың жылдамдық ауыстыру қорабшасы сыныпты. Жүргізуші басқару рычагын артқа жүретін ұяшықтан шығара алмаған. Соның салдарынан ол артында тұрған Kia Rio автокөлігімен соқтығысты. Жеңіл көлікте екі жолаушы болды. Бәрі аман. Текесеру басталды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15