Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Армениядан әкелінген көліктерді Қазақстанда тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды. Бұған дейін Арменияда тіркелген көліктерге 1 наурызға дейін сары нөмір тағу міндеттелген болатын. Қазіргі уақытта 20 мыңнан астам автомобиль есепке қойылды. Ал, 1 мыңнан астам көлік талаптарға сай келмегендіктен тіркеуге алынбады. Олардың себептерін ескере келе үкімет армян нөмірін таққандарға тағы 1 жыл уақыт берді.
Серік Түсіпов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:Пандемия кезінде шекаралар жабылып көптеген тұрғын көліктерін Арменияға кері қайтара алмай қалды. Ал рөлі оңнан солға ауыстырылған көліктерді сынақтан өткізу үшін зертханалар да жұмыс істемеген. Тіпті кей автокөлік иелері темір тұлпарларын ломбардтарға, микрокредиттік ұйымдарға кепілге қойып тастаған. Осыларда ескере келі көліктерді тіркеу мерзімі 2022 жылдың 1 наурызына дейін ұзартылды.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03