Атырауда киік мүйізін Қытайға сатқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Түркістан облысындағы Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаған екі тұрғын ұсталды.
Полицейлер браконьерлерді кезекті рейд кезінде қолға түсірген. Олардан айғақты зат ретінде 133 келідей сазан және мөңке балық тәркіленді. Күдіктілерге қатысты Қылмыстық іс қозғалып, өздері қолхатпен босатылды. Жыл басынан бері өңірде осындай үш дерек тіркеліп, браконьерлерден 430 келідей балық тәркіленген.
Ал Атырауда киіктің мүйізін Қазақстаннан Қытайға сатумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері сотталды. 12 адамнан тұратын топтың басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылса, тағы екі сыбайласы одан аз мерзімге жазаға кесілді. Ұйымдасқан топтан 1 тонна 118 келі киіктің мүйізі тәркіленіп алынған болатын.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03