Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
Қазақстанда шетел азаматтарының елге кіру және болу
тәртібі өзгерді. 1 қарашадан бастап визасыз келетін шетелдіктерге электрондық
рұқсат алу талабы кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Алғашқы кезеңде жаңа тәртіп
Ақтау халықаралық әуежайы мен төрт автомобиль өткізу бекетінде қолданыла
бастады. Олар – Павлодар облысындағы «Үрлітөбе», Жамбыл облысындағы «Аухатты»,
Түркістан облысындағы «Атамекен» және Жетісу облысындағы «Нұрлы Жол» бекеттері.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап талап Астана мен Алматы әуежайларында енгізіледі.
Ал 1 наурыздан қалған барлық шекара бекеттеріне осы талап қойылмақ. Әзірге
электрондық рұқсатсыз келген шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынбайды. Тек
жаңа талап түсіндіріледі. Ал 2027 жылдың 1 шілдесінен бастап электронды рұқсаты
жоқ шетелдіктер Қазақстанға кіре алмайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы