Әлеуметтік кәсіпкерлерге жүйелі қолдау көрсетіледі - Мәулен Әшімбаев
Әлеуметтік кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау заңмен бекітілмек. Бизнес өкілдерімен кездескен Мәулен Әшімбаев осылай деді. Заң жобасын Президенттің тапсырмасы бойынша депутаттар әзірлеген. Құжат наурыз айында Сенат қабырғасында таныстырылады. «Жалпы әлеуметтік кәсіпкерлік көптеген елде экономикаға айтарлықтай оң әсерін тигізеді. Әрі халыққа, әрі мемлекетке тиімді жобаларды барынша қолдап, дамуына мүмкіндік жасауымыз керек», - деді Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:Бұл – әлеуметтік кәсіпкерлік туралы түсінік пен оның негізгі міндеттерін белгілейтін маңызды заң жобасы. Сондай-ақ, осы саланы қолдаудың нақты тетіктерін қалыптастырады. Атап айтқанда, депутаттар әлеуметтік кәсіпкерлерге салық жеңілдіктерін қарастыруды, оларға грант түрінде қаржылай қолдау көрсетуді, несиеге және мүлікті жалға алуға субсидиялар беруді ұсынып отыр. Заң жобасы еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлікке жүйелі қолдау көрсетуді көздейді.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03