Талдықорғанда караоке-барда сейіл құрған әкімдік қызметкерлеріне шешім шықты
Талдықорғанда әкімдік қызметкерлеріне жүргізілген ішкі тексеру барысында олардың расымен де түнгі уақытта караоке-барда сауық құрғандары анықталды. «Б» корпусының әкімшілік-мемлекеттік қызметшілерінің бірыңғай тәртіптік комиссиясы қала әкімі қарамағындағы бірнеше лауазымды тұлғаға шара қолдануды ұсынды. Әкім орынбасарына қатаң сөгіс беріп, кәсіпкерлік бөлім басшысын қызметіне толық сәйкес емес деп тану, ал көлікті мас күйде жүргізген құрылыс бөлімінің басшысын жұмыстан босату туралы ұсыныс жасалды. Сондай-ақ, оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-ші бабымен хаттама толтырылды.
Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:Әкімшілік материал шешім қабылдану үшін сотқа жолданды. ҚР ӘҚБК 608 бабы талаптарына сәйкес көлік құралын алкогольді, наркотикалық немесе токсикоманиялық масаң күйде басқару құқықбұзушылығы үшін 7 жылға дейін көлікті басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үлкен тенниске қызығатын балалар көбейіп келеді
18.09.2026, 17:33
Қарағанды облысында жастар құқықтық сауатын жетілдіруде
18.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
18.09.2026, 17:25
Бейжің ЕуроОдақтың үндеуін қабылдаған жоқ
18.09.2026, 17:22
Филиппиндегі мектепте атыс болды
18.09.2026, 17:20
Ресейдегі дәрі қоры 8 айға ғана жетеді
18.09.2026, 17:17
Абай облысында ет экспортына ден қоя бастады
18.09.2026, 17:15
Өскеменде жол айрығын қарқынды салып жатыр
18.09.2026, 17:12