Депутат демография және көші-қон жөніндегі агенттік құруды ұсынды
Қандастарға берілетін қаржылай квота 100 есе азайып, антирекордқа жетті. Депутат Қазыбек Иса шетелден көшіп келе алмай жүрген қазақтардың мәселесін көтерді. Биыл мемлекеттен 1426 адамға ғана квота бөлінген екен. Ал «Отандастар» қорының мәліметінше елімізден тыс аумақта 7 миллионға жуық қазақ тұрып жатыр. Олардың 1,5 млн-ға жуығы атамекенге көшіп келуге ынталы. Алайда қолдан жасалған кедергілер көп. Қазыбек Исаның сөзінше қандастарымыз азаматтық алу үшін 48 түрлі құжат жинау керек. Қазақ екенін дәлелдейтін анықтама қажет деп біраз адам сабылып жүр. Халық қалаулысы Үкімет басшысынан осы мәселелерді тез арада шешуді сұрап, демография және көші-қон жөніндегі агенттікті құруды ұсынды.
Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазақстан азаматтығын алудағы басты талап – қазақ тілінен емтихан тапсыруы керек. Осы азаматтық алуда жинайтын қаптаған құжат саны аздай, кейінгі кезде тағы бір қиын кедергі – шетелдегі қазақтардың өздерінің қазақ екенін дәлелдеу, оны құжат жүзінде рәсімдеу ең басты мәселенің бірі болып отыр.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03