Түркістан облысында 170 млн түп ағаш отырғызылмақ
Павлодар қаласының шығыс бағытынан айналма жол салғанда 20 мың түп ағаш шабылады. Ал, соның есесін толтыру үшін 90 мың көшет отырғызылатын болды. Құны 22 млрд теңгеге бағаланған жаңа жолдың құрылысы еліміздің транзиттік көлік әлеуетін арттырады. Ішкі аймақтарды Нұр-Сұлтан қаласымен төтесінен байланыстырады. Яғни, жол қысқарады. Одан бөлек, жүк көліктері бұрынғыдай Павлодар қаласын жарып өтіп, көлік кептелісін қалыптастырмайды. Бірақ жергілікті экологтар мемлекеттік жобаны іске асыру жасыл желекке зиян деп қарсы уәж келтірген болатын.
Светлана Могилюк, эколог:
Мынандай ғана өте қысқа қарағай көшеттерін егесіздер. Олар қазір шабылатын ағаштардай болуы үшін 10-20 жыл керек. Тағы бір мәселе бір ағаштың орнын толтыру үшін 584 теңге бөлінеді екен. Көшет емес, жетілген ағашты кесіп жатырсыздар ғой. Мұндай арзан бағаға көшеттің өзін сатып алу мүмкін емес.
Ақылбек Қабылдин, «ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалының директоры:
Біз 1 ағаштың орнына 5 көшет егеміз. Одан басқа салынатын жол бойын жасыл желекке айналдыру үшін 11 млн теңге қарастырылған. Павлодардың орман шаруашылығы ағаш отырғызатын аумақтарды белгілеп береді. Ендігі мәселе сол көшеттерді қайдан сатып аламыз? Қазір соны анықтап жатырмыз.
Түркістан облысының аумағында 2025 жылға дейін 110 мың гектардан астам жерге 170 млн ағаш отырғызылады. Жасыл желектің басым бөлігі облыс орталығында егіледі.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15