Байқоңыр тұрғыны екі елден қатар зейнетақы алып келген
Байқоңырда 63 жастағы тұрғын Қазақстан азаматы бола тұра төрт жылдан бері екі елден қатар зейнетақы алып келген. Оған осы кезге дейін Ресейдің зейнетақы қорынан 480 мың рубль төленгені белгілі болды.
Осылайша алаяқтық жолмен 3 миллион теңгеге жуық заңсыз ақша иемденгені үшін зейнеткерге қатысты алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Өйткені, екі жақтан зейнетақы алған әйел екі елдің зейнетақы қорынан бұл құйтырқы әрекетін жасырып келген. Ресей тарапы аталған дерекке қатысты істі тергеп-тексеріп, Қазақстанның құқық қорғау органдарына жолдады. Заң бойынша бұл қылмыстық әрекет үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қаралған.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15