Алматыда 19 жастағы қызды айуандықпен өлтірген күдікті ауруханадан шықты
19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген 28 жастағы күдікті ауруханадан абақтыға ауыстырылды. Қалалық прокуратураның мәлімдеуінше сот оған «қамауға алу» шарасын қабылдаған. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салайық, 19 наурызда жұмысынан шыққан 19 жастағы Аяжан Еділова жоғалып кеткен еді. 22 наурызда қыздың өлі денесі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінен табылды. Жантүршігерлік оқиғаға қатысы бар деген күдікпен Түркістан облысының 1993 жылы туған азаматы ұсталған. Полиция оның пәтеріне есігін бұзып кіргенде ол өзіне-өзі қол салмақ болған.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14