Алматы облысында 21 мыңға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе салдырды
Алматы облысында 21 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Олардың басым бөлігі дәрігерлер мен тәртіп сақшылары, мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлер. Вакцина алғандар қатарында қарапайым тұрғындар да жетерлік. Өңірдегі тілшіміз Қуаныш Қанатұлы да көппен бірге екпе салдырып, вакциналау барысын көріп қайтты.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:Алматы облысына жеткізілген вакцинаның алғашқы легі аяқталуға жақын. Қазір екінші легін күтудеміз. Міне жаңа ғана салды, ауырған жоқ.
Райхан Орынбаева, Үштөбе қаласының тұрғыны:Бір қалыпты. Жаман әсер сезіп тұрған жоқпын. Осының алдында 21 күн бұрын бірінші вакцинацияны алғанмын. Ол кезде де жаман әсер болған жоқ ешқандай. Барлығымыз бір болып жиналып, жабылып, осы індеттен құтылудың бір жолы осы вакцинация деп ойлаймын.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:Бәрі ойдағыдай болса тура 21 күннен кейін дәл осы жерге келіп мен вакцинаның екінші дозасын қабылдаймын. Жалпы бұл індетті біз вакцинациядан өтіп, ұжымдық иммунитет қалыптастырып қана жеңе аламыз.
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08