Қостанай облысында тасқын су жолды бұзып кетті
Қостанай облысында Әуликөл-Жалдама бағытындағы тас жолдың 92-ші шақырымын тасқын су бұзып кетті. Қатты ағыс көтерме жолдың астындағы суағардың жан-жағындағы топырағын шайып, үңгіп құлатқан.
Сондай-ақ Тобыл-Садчиков бағытындағы жолдың жиегі опырылып түскен. Сөйтіп екі бағытта да тәулікке жуық уақыт қатынас тоқтады. Мамандар су деңгейі төмендеген соң, бұзылған жерге топырақ үйіп, тегістеп қозғалысты қалыпқа келтіргендерін айтады. Облыс аумағындағы жолдардың тасқын қауіп төндіретін учаскелерінде кезекшілік ұйымдастырылған.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14