Депутаттар тасқынның алдын алу үшін уақытылы шаралар қабылдауды талап етті
Қызылағаш, Көкпекті трагедиялары сабақ болмай отыр. Депутаттар тасқынның алдын алу үшін уақытылы шаралар қабылдауды талап етті. Жамбыл Ахметбековтің айтуынша, соңғы бес жылда Қазақстанда 272 елді мекенді су басқан. Бұл 6,5 мың үй суға кетті деген сөз. Әсіресе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары жыл сайын зардап шегеді. Қазынадан су тасқынының алдын алуға жыл сайын қаржы бөледі. Мәселен, 2017-2020 жылдары 42 млрд теңге бөлінсе, 2020-2023 жылдарға 160 млрд теңге қарастырылған. Алайда, нәтиже жоқ. Депутат су тасқынына қарсы жоспарлау құжаттарының сапасын сынға алып, Үкіметке депутаттық сауал жолдады.
Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Өңірлердегі өзендердің түбін тереңдету, жағалауды нығайту жұмыстары, дамбалар мен бөгеттер салу және жөндеу, айналма және су өткізу арналарын жасау жұмыстары да іске асырылмаған күйінде қалған.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03