Ақтөбедегі тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, бір отбасы далада қалды
Беті мен қолын күйік шалған үй қожайыны ауруханада ем алып жатыр. Оқыс оқиға түн ортасында болған. Үй иесі далада тұрған газ баллонын кіреберіске әкеліп қоя берген сәтте ол жарылып кеткен. Қонақ бөлмеде теледидар қарап отырған оның ұлы мен келіні терезеден шығып үлгерген. Дәрігерлердің айтуынша, үй иесінің жағдайы ауыр. Ал, жарылыс салдарынан қабырғалары қақ айырылған баспана жарамсыз болып қалды. Отбасы мүшелері қазір ағайындарының үйін паналап жүр. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары «жарылыс қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың салдарынан болды» деп отыр.
Әсел Омарова, қала тұрғыны:
- Тарс етті, біз білмей қалдық. Сыртта оқ, бірдеңе атылған шығар деп ойладық. Терезе бізге қарай қирады. Газ баллоны жарылғанын білдік.
Жақсыбек КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы